Accessibility links

Иран блогері 14 жылға сотталды


Иран блогері Мехди Хазали.

Иран блогері Мехди Хазали.

Иран соты блогер Мехди Хазалиге Иран президенті Махмуд Ахмединежад пен мемлекеттік саясатты сынағаны үшін 13 жыл 10 айға түрмеде отыру және 10 жыл айдауда болу жазасын кесті.

"Фарда" радиосына берген сұхбатында Хазалидің қорғаушысы бұл үкімге қарсы шағым түсіретінін айтты. Бұдан он ай бұрын тұтқындалған Хазали қазір аштық жариялап жатыр.

Офтальмолог әрі блогер Хазали өткен екі жылда бірнеше рет тұтқындалған болатын.
XS
SM
MD
LG