Accessibility links

Қырғызстанда кеншілер ереуілдеп жатыр


Қырғызстанның Құмтөр алтын кеніші. Көрнекі сурет.

Қырғызстанның Құмтөр алтын кеніші. Көрнекі сурет.

Қырғызстанның ең ірі Құмтөр алтын кенішінің 1400 жұмысшысы ереуілге шығып, кеніште жұмыс тоқтады.

Қырғызстанның тау-кен металлургиясы кәсіподағының төрағасы Эльдар Тәжібаевтың айтуынша, жұмысшылар канадалық «Центерра Голд Инкорпорейтед» компаниясынан жалақы есебінен 1993 жылдан 2010 жылға дейін мемлекеттің әлеуметтік көмек қорына ұсталынып келген шығынды өтеуді талап етеді.

Компания өкілі Сергей Дедюхин мемлекеттік әлеуметтік көмек қорына жұмысшылар жалақысы есебінен ақша Қырғызстан заңнамаларына сай аударылып келгенін және ол келісімнің 2012 жылдың соңына дейін жарамды екенін айтады. Осы келісімге сүйенген шетелдік компания жұмысшылар ереуілін заңсыз деп санайды.

Қырғызстанның жылдық бюджетінің 10 пайызын толтыратын Құмтөр кенішінде соңғы жылдары жұмысшылар мен экологиялық проблемалар жиі көтеріліп келеді.
XS
SM
MD
LG