Accessibility links

Мальдив президенті отставкаға кетті


Үнді мұхиты аралдарында орналасқан Мальдив мемлекетінің президенті Мұхаммед Нашид елде бірнеше аптаға созылған наразылық шерулерінен кейін отставкаға кетті.

Бұған дейін мемлекеттік телеарнадан "президент елдің бас судьясын тұтқындауға санкция берді" деген жалған ақпарат тараған еді. Осы ретте полиция телеарнаны бақылауға алды. Бұл оқиғаның соңы жаппай наразылық шерулеріне ұласқан болатын.

Нашид 2008 жылы сайлауда жеңіске жеткеннен кейін елде демократия орнататынын жариялаған. Бірақ билікке келген соң оның барлық әрекеті өзіне дейін Мальдив мемлекетін 30 жыл билеген Момун Абдул Гайюммен күресуге арналып кетті.

Мальдив мемлекеті 400 мыңдай ғана халқы бар, туристер көп баратын Азиядағы ең кішкентай мемлекет.
XS
SM
MD
LG