Accessibility links

Әл-Барадеи египеттіктерді бірлікке шақырды


Египет президенттігіне бұрынғы үміткер Мұхаммед әл-Барадей.

Египет президенттігіне бұрынғы үміткер Мұхаммед әл-Барадей.

Египет президенттігіне бұрынғы үміткер Мұхаммед әл-Барадей египеттіктерді алауыздықты доғарып, елді әскери басқарудан босатып, демократия жолына түсуге шақырды.

Бүгін Financial Times журналында шыққан мақаласында МАГАТЭ-нің бұрынғы төрағасы әл-Барадей парламент сайлауында жеңіске жеткен исламшыл топ - "Мұсылман бауырластығына" қолдау білдірген. Оның айтуынша, "Мұсылман бауырластығы" ұйымының елдегі саяси топтардың басын қосып, еркін нарық пен прагматикалық жолды таңдайтынына" сенім білдіруге болады.

2005 жылы Нобель сыйлығын алған әл-Барадей әскерилердің басқаруы "ешқандай жетістіктерге жеткізбеді" деп баға берді. Ол экономиканың, соның ішінде бұрын жақсы дамыған туризм саласының құлдырап кеткенін де алға тартты.
XS
SM
MD
LG