Accessibility links

І дүниежүзілік соғыстың соңғы ардагері қайтыс болды


Бірінші дүниежүзілік соғысқа куә болған ең соңғы ардагер әйел - ұлыбританиялық Флоренс Грин 110 жасында қайтыс болды. Флоренс Грин соғысқа тікелей қатыспаған, тек Ұлыбритания әуе базасында даяшы болып жұмыс істеген.

2010 жылға дейін ол ресми түрде ардагер деп мойындалмаған болатын. Бірақ 2010 жылы Ұлыбританияның ұлттық мұрағатында оның әуебазасында қызмет істегені туралы құжат табылып, ресми түрде ардагер атанды.

2011 жылдың мамырында осы соғысқа тікелей қатысқан соңғы ардагер, танымал жауынгер Клод Шоулес қайтыс болды.
XS
SM
MD
LG