Accessibility links

Еуропа елдері Сириядан елшілерін шығарды


Идлиб провинциясында қақтығыста қаза тапқан "шейіттерді" жерлеу рәсіміне жиналғандар. Сирия, 7 ақпан 2012 жыл.
Идлиб провинциясында қақтығыста қаза тапқан "шейіттерді" жерлеу рәсіміне жиналғандар. Сирия, 7 ақпан 2012 жыл.
Еуроодақ құрамындағы Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды және Испания кеше Сириядан дипломаттарын кері шақырып алды. Бұған дейін Ұлыбритания дипломаттарын кері қайтарған болатын.

Ал кеше Дамаскіде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен Сирия президенті Башар әл-Асад елдегі қантөгісті тоқтатуға уәде берген. Бірақ АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд Сирияда зорлық-зомбылықтың болып жатқанына 11 ай болғанын алға тартып, әл-Асадтың уәдесіне күмән келтірді.
XS
SM
MD
LG