Accessibility links

Бір топ азамат Жаңаөзенге ақша аударды


Жаңаөзен қаласының орталық алаңы. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.
Жаңаөзен қаласының орталық алаңы. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.
Бүгін Алматыда жазушы Дулат Исабеков, режиссер Болат Атабаев және әнші Рамазан Стамғазиев Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларда зардап шеккен азаматтарға көмек беру қорына ақша аударды. Бұл туралы оқиғаға куә болған Азаттық тілшісі хабарлады.

Желтоқсан айының соңында "Рух пен тіл" қорының бастамасымен Жаңазен мен Шетпедегі оқиғалардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек беру қоры құрылған болатын. "Рух пен тіл" клубының белсендісі Инга Иманбайдың айтуынша, қазірге дейін қорға 1 миллионға жуық қаржы түскен. Осы уақытқа дейін жаңаөзендік 6, шетпелік 4 отбасыға көмек көрсетілген.
XS
SM
MD
LG