Accessibility links

Ресей әскерилері өкпе қабынуымен ауыра бастады


Әскери жаттығуда жүрген Ресей армиясы зымыран күштерінің жауынгерлері. Көрнекі сурет.
Әскери жаттығуда жүрген Ресей армиясы зымыран күштерінің жауынгерлері. Көрнекі сурет.
Ресей қорғаныс саласының басшылары Сібірдің Краснофрск облысында армиядағы зымыран күштерінің бір сарбазы өкпе қабынуынан қайтыс болып, 39 сарбаздың осы аурумен емханаға түскенін хабарлады.

Ресей армиясының зымыран күштерінің подполковнигі Вадим Коваль атын атамаған дәрігердің "өкпе қабынуы сарбаздарға вирус арқылы жұқты" деген сөзін келтіріп, аурудың гипертермия арқылы тарамағанын айтты.

Ресейдің адам құқықтарын қорғау ұйымдары мен сарбаздардың ата-аналарынан құрылған топ бұған дейін қорғаныс министрлігінің 2010 жылы ресейлік дизайнер Вадим Юдашкин ұсынған бірыңғай киім үлгісін армияға енгізуін сынаған болатын.

Олар жаңа бірыңғай киім Сібірдің 30-40 градустық қатты аязына жарамайтынын алға тартқан.
XS
SM
MD
LG