Accessibility links

Ресей: Сирия халқы дағдарысты өзі шешуі тиіс


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Сирия президенті Башар әл-Асадтың Дамаскідегі кездесуі. Сирия, Дамаскі, 7 ақпан 2012 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Сирия президенті Башар әл-Асадтың Дамаскідегі кездесуі. Сирия, Дамаскі, 7 ақпан 2012 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бүгін Мәскеуде журналистермен кездесуінде "Сириядағы дағдарыс сириялықтардың өз араларында және барлығына бірдей ұтымды түрде шешілуі тиіс" деп мәлімдеді.

Бірақ Лавров Мәскеудің Сирия президенті Башар әл-Асадтың биліктен кетуіне қалай қарайды деген сұраққа жауап беруден бас тартты. Ол бұған қоса Парсы шығынағының ынтымақтастық кеңесіне мүше алты елдің Сириядан елшілерін шақырып алғанын да сынап, ол әрекет Араб лигасының Сириядағы зорлық-зомбылықты тоқтату бастамасын іске асыруға кедергі жасайды деп ескертті.

Араб лигасының жоспары қақтығыстарды тоқтатып, Башар әл-Асадтың билікті орынбасарына беруін қарастырады.
XS
SM
MD
LG