Accessibility links

АҚШ Қазақстандағы тұтқындауларға алаңдап отыр


АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фейрфакс "Вашингтон Қазақстанның оппозиция өкілдері мен журналистерді тұтқындауына алаңдаушылық білдіреді" деді бүгін Астанадағы баспасөз жиынында. Бұл туралы "Интерфакс Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Елші АҚШ-тың бұл мәселелердегі ұстанымы берік екенін, Қазақстаннан оппозиция өкілдері мен журналистердің ісін ашық және әділ тергеуді сұрайтынын және жағдайды өте мұқият бақылап отыратынын айтты.

Қаңтардың 23-інде тіркелмеген "Алға" партиясының кеңсесі мен мүшелерінің, азаматтық белсенділердің үйлеріне ҰҚК қызметркерлері тінту жүргізіп, кейбірін тұтқындап әкеткен. Артынан партия жетекшісі Владимир Козлов пен белсенді Серік Сапарғалиға "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып тағылып, екі айға қамалды. Оппозициялық "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявскийге осыған ұқсас айып тағылып, екі айға қамалды.

Ал қаңтардың 28-інде рұқсат етілмеген митинг өткізгені үшін ЖСДП-ның кейбір жетекшілері қамалып, кейбіреулеріне айыппұл салынды.
XS
SM
MD
LG