Accessibility links

Елшілік: Қазақ-өзбек жастарының ісі - жай кикілжің


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Өзбекстан президенті Ислам Каримов. Ресей, 17 тамыз 2007 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Өзбекстан президенті Ислам Каримов. Ресей, 17 тамыз 2007 жыл. (Көрнекі сурет)

Азаттық радиосы өзбек қызметінің хабарлауынша, Ташкенттегі Қазақстан елшілігі «Өзбекстанда қазақ және өзбек жастары арасында ұлтаралық қақтығыс болды» деген мәліметке байланысты түсініктеме берді.

Бұған дейін ақпарат құралдары Ташкент облысы Шыршық қаласында екі ұлт жастары төбелескенін хабарлаған. Ұялы телефонға жазылып, интернет арқылы таратылған әнді қазақ жастары ұлттық кемсіту ретінде қабылдап, одан кейін қазақ-өзбек жастары арасында кішігірім қақтығыс болды деп жазады CA-news.org сайты.

Сайт Шыршықтағы қазақ және өзбек жастарының әрқайсысы бірнеше жүз адам жинағандарын, бірақ жергілікті милиция ірі қақтығыстың алдын алғанын айтады.

Азаттық радиосымен сөйлескен Қазақстан елшілігі өкілінің айтуынша, «бұл - екі апта бұрын болған, жай ғана тұрмыстық кикілжіңнен туған елеусіз оқиға».

«Ол жастардың бәрі бір қалада тұрады, бірге оқиды. Бәрі - Өзбекстанның азаматтары. Мұнда ақпарат құралдары жазып жатқандай астар жоқ» дейді Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің өкілі.

Өзбекстанның Ташкент облысында 2010 жылдың 22 қарашасында ұлты қазақ бірнеше азамат қайтыс болған еді. Қыбрай ауданы Октябрь ауылында 5 адамды - ауыл тұрғыны Бауыржанды, оның әйелін, балдызын және екі баласын белгісіз біреулер бауыздап кеткен.
XS
SM
MD
LG