Accessibility links

Қырғыз премьері көмір дауына орай мәлімдеме жасады


Қырғызстанның премьер-министрі Өмірбек Бабанов
Қырғызстанның премьер-министрі Өмірбек Бабанов
Қырғызстан премьер-министрі кеше парламентте егер Қазақстаннан 9000 тонна радиоактивті сатып алуға өзінің қатысы барлығы дәлелденсе бірден отставкаға кетуге дайын екендігін мәлімдеді.

Оның мәлімдемесінен бір күн бұрын оппозициялық "Ата Журт" партиясынан сайланған депутат Мықтыбек Абдылдаев: "Бұл мәселеге қатысты президент Алмазбек Атамбаев пен Өмірбек Бабанов та тергелуі керек" деген.

Қырғызстанның бас прокуратурасы кеше радиоактивті көмір сатып алып, оны Шу облысының мектептері мен тұрғындарға таратуға шешім қабылдауға қатысы бар деген күдікпен жеті адамды тұтқындағанын хабарлады.

Өткен жылдың күзінде Қырғызстанның адам құқықтарын қорғау ұйымдары Қазақстанның Құлан көмір кенішінен сатып алынған көмірдің радиоактивті екендігін әшкерелегеннен соң қараша айында тергеу жұмыстары басталған болатын.
XS
SM
MD
LG