Accessibility links

Патриарх: Путиннің басқаруы "ғажайып кезең" болды


Мәскеу және бүкіл бүкілресейлік православие шіркеуінің патриархы Кирилл.
Мәскеу және бүкіл бүкілресейлік православие шіркеуінің патриархы Кирилл.
Ресей православие шіркеуінің патриархы Кирилл премьер-министр Владимир Путиннің соңғы 12 жыл билікте отыруы Ресей мен православие шіркеуі үшін "ғажайып кезең" болды деп бағалады. Бұл туралы ол Путиннің Мәскеуде өткізген Ресей діни конфессиялары жетекшілерімен кездесуінде мәлімдеді.

Патриарх діни жетекшілердің Путинмен ең алдымен "президент сайлауында жеңіске жетуге толық мүмкіндігі бар үміткер ретінде" кездескілері келгенін айтты. Ол Путинге "Құдайдың көмегі тиіп, бақытты болуын" тіледі.

Кездесуге православие шіркеуінен өзге Ресейдің ислам, иудей, буддистік діни қауымдарының жетекшілері және басқа да діни қауымдастық өкілдері қатысты.
XS
SM
MD
LG