Accessibility links

Ермек Нарымбаевқа рақымшылық жасалды


Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаев.

Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаев.

Бүгін "Назарбаев - кет" деп ұрандап төрт жылға сотталған оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаевқа Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының соты рақымшылық жасау туралы шешім шығарды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі бюроның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Қуат Рақымбердин хабарлады. Рақымбердиевтің айтуына қарағанда, соттың шешімі 15 күннен соң күшіне енеді.

«Арман» қозғалысының жетекшісі Ермек Нарымбаев 2010 жылы мамырдың 1-і күні Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуін талап етіп өткен демократиялық күштердің жиынында «Назарбаев, кет!» деп ұрандаған. Одан кейін жиынды өткізуге кедергі жасаған полицияның іс-әрекетіне наразылық ретінде аштық жариялады. Ал бір айдан соң сот ол төрт жылға сотталды.
XS
SM
MD
LG