Accessibility links

Ресей армиясына зымыран тасығыш қайықтар қосылады


Ресей қорғаныс министрі Анатолий Сердюков.
Ресей қорғаныс министрі Анатолий Сердюков.
Ресей қорғаныс министрі Анатолий Сердюков биыл жазда Ресейдің әскери теңіз флотына жаңа екі зымыран тасығыш сүңгуір қайығы қосылатынын айтты.

"Юрий Долгорукий" және "Александр Невский" деп аталатын екі қайықтың бірі шілдеде, екіншісі тамызда қарулы күштер қатарына қосылмақ.

Бұл екі сүңгуір қайығы Ресейдің жаңа "Борей" классты қайықтарына жатады және оларға 8000 шақырым қашықтыққа ұшатын "Булава" құрлықаралық баллистикалық зымырандар орнатылмақ.

Сердюков қазір жаңа сүңгуір қайықтардың құжаттары дайындалып жатқанын айтты.
XS
SM
MD
LG