Accessibility links

Тимошенконың қызы: анама қысым көрсетіп жатыр


Юлия Тимошенконың қызы Евгения Тимошенко.
Юлия Тимошенконың қызы Евгения Тимошенко.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың қызы Евгения Тимошенко анасының түрмеде қатты ауырып жатқанына қарамастан ауруды сездірмейтін дәрілер салдырудан бас тартып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Юлия Тимошенко үш айдан бері аурудан тұра алмай, төсекке таңылып қалған. Ал Украина билігі Тимошенконың өзін "халықаралық деңгейдегі дәрігерлер емдесін" деген сұрауына келісім берді. Халықаралық деңгейдегі дәрігерлер ақпанның 13-інде Украинаға келмек.

Евгения Тимошенко түрме басшылығын анасына "билік тағайындаған украиналық дәрігерлердің халықаралық дәрігерлер құрамына қосылуына көндіру үшін" препараттарды әдейі бермей отыр деп айыптады.

Юлия Тимошенко өткен жылдың қазанында "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен жеті жарым жылға сотталған болатын.
XS
SM
MD
LG