Accessibility links

Кентауда жылу толық беріле бастады


Кентау қаласында жылу беру орталығы қайтадан іске қосылып, жылу толықтай беріле бастады деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Әкімдіктің баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Дәурен Дүйсебаевтың айтуынша, жылумен қамтамасыз ету орталығында екі қазандық істеп тұр. Тағы бір қазандық резервке қойылған. Бұдан өзге, резервте тұрған тағы бір қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақпанның 3-інен 4-іне қараған түні қаладағы жылумен қамтамасыз ету орталығында болған апат болды. Апаттан орталықтағы алты қазандық бірдей істен шығып, қала 30 градустық аязда жылусыз қалған болатын.
XS
SM
MD
LG