Accessibility links

АҚШ Қазақстанның оппозицияны қудалауына алаңдайды


АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы өкілі Ян Келли.

АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы өкілі Ян Келли.

АҚШ Қазақстандағы оппозиция өкілдері мен ұйымдарының қудалау көріп жатқанына алаңдап, оларға қатысты тергеулерді әділ жүргізуге шақырды. Бұл туралы АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы өкілі Ян Келли мәлімдеді.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі сайтында жарияланған мәлімдемеде Ян Келли Вашингтонның "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Виниявский мен тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың тұтқындалуына, партияның филиалдары мен "Голос республики" газеті кеңсесіне тінту жүргізілгеніне алаңдаушылық білдіреді.

"Вашингтон бұл орайда Қазақстанды қылмысқа қатысы барлардың ісін Қазақстан заңдары, ЕҚЫҰ мен халықаралық құқықтық міндеттемелерге сай жүргізуге шақырады" делінген мәлімдемеде.

Елші сонымен қатар АҚШ-тың Қазақстанның телерадио хабарларын тарату туралы соңғы заңын да қадағалап отырғанын айтып, заңға ЕҚЫҰ-ның ұсыныстары енбей қалғанына өкініш білдірді.
XS
SM
MD
LG