Accessibility links

ЕО: Ресей Сирияға қатысты ұстанымын қайта қарасын


Еуроодақтың сыртқы істер жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон.

Еуроодақтың сыртқы істер жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон.

Еуропа Одағының сыртқы істер жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон Ресейді Сирия дағдарысына қатысты ұстанымын қайта қарауға шақырды.

Мексикаға жасаған сапарында Кэтрин Эштон Сирия басшылығы өз жауапкершілігін сезініп, елдегі түрлі топтардың үдесінен шыға білу керек" деді. Оның айтуынша, Мәскеудің Сирия басшылығын қолдау білдіруі елдегі қақтығыстарды одан ары ушықтыра түспек.

Ақпанның 4-інде Ресей мен Қытай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия билігін айыптайтын қарарына вето қойған болатын.
XS
SM
MD
LG