Accessibility links

Барнаул "ойыншықтар шеруіне" шектеу қойды


 Барнаулда өткен ойыншықтар "шеруі". Ресей, 14 қаңтар 2012 жыл.

Барнаулда өткен ойыншықтар "шеруі". Ресей, 14 қаңтар 2012 жыл.

Ресейде Барнаул қаласының билігі бұдан былай ойыншықтарды пайдаланып рұқсатсыз үкіметке қарсы шерулер өткізудің заңға қайшы екенін хабарлады.

Барнаул қаласы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Андрей Мулинцев журналистерге белсенділердің ойыншықтар арқылы наразылық өткізуге рұқсат сұрауы керегін, олай болмаса жауапқа тартылатынын айтты.

Қаңтар айында Барнаулда белсенділер Кремльге қарсы ұран көтерген аю ойыншықтарды, «Лего» құрастырмалы ойыншықтарын орталық алаңға шығарды. Ойыншықтар ұстаған кішкентай плакаттарға «Таза сайлау өткенін қалаймыз!», «Путин, халық мүддесін өз мүддеңмен шатастырма!», «Шыдамның да шегі бар!» деген сөздер жазылды.

Ұйымдастырушылар «нано-шеру» деп атап, биліктің тұтқындауын айналып өтуге бағытталған мұндай қарсылық акциясы Барнаулда осымен екінші рет өтті.
XS
SM
MD
LG