Accessibility links

АҚШ-та қаза тапқан қазақстандықтың ісі жабылды


АҚШ-та полицейдің қолынан қаза тапқан қазақстандық Кирилл Денякин.

АҚШ-та полицейдің қолынан қаза тапқан қазақстандық Кирилл Денякин.

Кеше АҚШ-тың Портсмут қаласында қаза тапқан қазақстандық Кирилл Денякиннің ісіне қатысты қылмыстық іс жабылды. Істі қараған Портсмут қаласының алқа соты Кирилл Денякинді атқан полиция қызметкерін айыпты емес деп тауып, істі жапты.

2011 жылдың сәуірінде 26 жастағы Қазақстан азаматы Кирилл Денякинді полицей ұры деп ойлап, атып өлтірген болатын. Полицей Денякин бұйрыққа бағынбай, өзіне ұмтылған соң жауап ретінде 11 рет оқ атқанын алға тартқан.

Денякиннің отбасы Портсмуттың полиция бөлімшесіне қарсы шағым түсіріп, 22 миллион АҚШ долларын өндіруді талап етіп отыр.

Кирилл Денякин бес жыл бұрын Вирджиния штатының Портсмут қаласына "Work and travel" бағдарламасымен барған болатын.
XS
SM
MD
LG