Accessibility links

Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі тұтқындалды


Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев ақпанның 9-ы күні сот санкциясы бойынша тұтқындалып, Ақтау қаласындағы уақытша қамау изоляторына жеткізілді деп хабарлайды "Лада" газеті.

2011 жылы 16 желтоқсандағы оқиға кезінде 16 адам қаза болған Жаңаөзен қаласының әкімі Сарбөпеев ақпанның 8-і күні қызметінен босаған.

Қаржы полициясының айтуынша, Орақ Сарбөпеев пен қаланың одан бұрынғы әкімі Жалғас Бабаханов мұнай компанияларының қаланы дамытуға бөлген қаржыларын арнайы қорлар арқылы жымқырған.

Орақ Сарбөпеев бұл айыпты жоққа шығарған болатын.
XS
SM
MD
LG