Accessibility links

БҰҰ Бас ассамблеясының Сирия бойынша жаңа мәжілісі өтеді


БҰҰ Бас хатшысының арнайы кеңесшілері Сириядағы қантөгісті тоқтату жолындағы шұғыл шараларды қолға алуға шақырды.Олардың пікірінше болып жатқан оқиғалар Сирия билігін адамзатқа қарсы қылмыс жасап жатыр деп айыптауға болады.

10 ақпан күні геноцид мәселелері бойынша арнайы кеңесші Франсис Денг пен бейбіт тұрғындарды қорғау бойынша кеңесші Эдвард Лак Сирия қауіпсіздік күштерінің Хомс қаласы ман басқа да аймақтарда көптеген адамдардың өлтірген атқылауларға алаңдаушылық танытқан мәлімдеме таратты.

Мәлімдемеде Қытай мен Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияға қатысты қарарына вето қоюы зорлық-зомбылықтың күшеюі мен халықаралық қауымдастықтың қарап отыруына себеп болмауы тиіс деп атап көрсетілген.

Дүйсенбі күні өтетін БҰҰ бас ассамблеясының Сирияға арналған мәжілісінде БҰҰ-ның адам құқтары мекемесінің басшысы Нэви Пиллэй сөз сөйлейді.

Жұма күні кешкісін Сауд Арабиясының өкілдері Бас ассамблеяның мазмұны Ресей мен Қытай вето қойған қарарына ұқсас қарардың жобасын тарата бастаған болатын.
XS
SM
MD
LG