Accessibility links

Алматыда Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алды


Алтынбек Сәрсенбайұлының әйелі Салтанат Атушева (оң жақта), Қазақстанның бұрынғы вице-премьері Ораз Жандосов Алтынбектің зираты басында. Алматы, 11 ақпан 2012 ж.
Алтынбек Сәрсенбайұлының әйелі Салтанат Атушева (оң жақта), Қазақстанның бұрынғы вице-премьері Ораз Жандосов Алтынбектің зираты басында. Алматы, 11 ақпан 2012 ж.
Бүгін алты жыл бұрын қастандық құрбаны болған Алтынбек Сәрсенбайұлының Кеңсайдағы зираты басына туыстары мен серіктестері келіп құран бағыштап, марқұмды еске алу шарасын өткізді. Зират басында сөйлегендер оппозициялық қайраткер Алтынбекті еске алумен қатар, Жаңаөзен оқиғасын да ұмытқан жоқ.

Алтынбекті еске алып, зират басына жиналғандар арасында марқұмның жары Салтанат Атушева да болды.

-Қазіргі жағдайда Алтекеңнің ақылы да, ұйымдастыру қабілеті де өте керек болар еді. Кім біледі Алтекең арамызда болса, Жаңаөзен сияқты оқиғалар болмас еді. Ондайды болдырмауға ақылы жететін. Сондай дарындылығы бар, алдына көзі жететін еді, саяси оқиғаларды алдын-ала есептеп, кейде көрген сияқты болып тұрар еді. Соны сезінді ме Алтекеңе қиянат жасағандар. Қашан болса да Алтынбекке қастандық жасағандар түбінде табылады деп сенемін,- деді оппозициялық саясаткер Төлеген Жүкеев.

Театр режиссері Болат Атабаев, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшiсi Қадыржан Асқаров және “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы да зират басында марқұмды еске алып, сөз сөйледі.

Алты жыл бұрын, ақпан айының 11 күні Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілері алдымен ұрланып, екі күннен кейін олардың мәйіттері Алматы маңынан табылған еді.
XS
SM
MD
LG