Accessibility links

Өзбек азаматы АҚШ президентіне қарсы әрекетін мойындады


Өзбекстан азаматы Ұлұгбек Кодыров

Өзбекстан азаматы Ұлұгбек Кодыров

Алабама штатының сотында Өзбекстан азаматы Ұлұгбек Кодыров АҚШ президенті Барак Обаманы өлтіру үшін қастандық әрекетін ұйымдастырмақ болғанын мойындаған. Сот үкімі 17 мамырда шығады. Кодыров 30 жыл түрме жазасына кеіследі және оған750 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады.

Жұма күнгі сот тыңдауларында Кодыров өзінің «Өзбекстан ислам қозғалысы» тобының нұсқауына сай әрекет еткенін, ал бұйрықты осы топтың "Эрик" деген бүркеншік есімді беслендісінен интернет арқылы алғанын мәлімдеген.

Кодыров өткен жылдың жазында Алабама штатының Бирмингем қаласында амрикалық арнайы қызметтің адамынан қару сатып алмақшы болған жерінде ұсталған болатын. Оған сондай-ақ заңсыз қару сақтадлы, террористерді қаржыландырды деген айыптар тағылып отыр.

Кодыров АҚШ-қа студенттік визамен барған, бірақ еш жерде оқымаған.
XS
SM
MD
LG