Accessibility links

Британияда The sun басылымының тілшілері ұсталды


Ұлыбританияда жемқорлық және мемлекет пен полиция қызметкерлерін журналистердің «сатып алуы» ісінің тергеу амалдары аясында 8 адам тұтқындалған.
Олардың арасында британдың The sun газетінің 5 қызметкері және қорғаныс министрлігінің шенеунігі мен әскери қызметкер, полиция бар.

Полиция Лондонда және The sun басылымына қарасты News Internаtional компаниясында тінтулер жүргізген. Өткен айда басылымның бес журналисі қамалып, соңыра кепілдікке босатылған еді.

Тергеушілерге ақпарат-айғақтарды Руперт Мердоктың News Internаtional компаниясына иелік ететін News Corporation компаниясы берген. Мердоктың өкілдері News of the World басылымының жабылып қалуына себепші болған журналистердің заңсыз жолмен ақпарат жинау тәжірибесін түп-тамырымен жою үшін тергеушілермен әрі қарай да ынтымақтаса жұмыс істейтіндіктерін айтады.
XS
SM
MD
LG