Accessibility links

«Иран ядролық саладағы маңызды жетістігін жариялайды»


Иран президенті Махмұд Ахмединежад парламентте сөйлеп тұр. Тегеран, 1 ақпан, 2012 жыл.
Иран президенті Махмұд Ахмединежад парламентте сөйлеп тұр. Тегеран, 1 ақпан, 2012 жыл.
Иран президенті Махмұд Ахмединежад бүгін Тегеранда Ислам революциясының 33 жылдығына арналған жиында, мыңдаған адамның алдында сөйлеген сөзінде «Иран жақында ядролық саладағы маңызды жетістігі жайында жариялайтын болады» деп мәлімдеді.

Батыс журналистерінің Тегераннан хабарлауынша, Иран әскерилерінің желтоқсан айында ауған шекарасына жақын маңда қолға түсірген америкалық пилотсыз аппаратының алаңға қойылған макеті митингіге келгендердің назарын аударған.

1979 жылғы Ислам революциясы батысшыл монархиялық режимді құлатып, Иранда исламдық билік орнатқан болатын.
XS
SM
MD
LG