Accessibility links

Түркіменстанда президент сайлауы өтіп жатыр


Орталық сайлау және референдум өткізу бойынша комиссиясының соңғы мәліметтеріне қарағанда,Түркіменстан сайлаушыларының 23 пайызы дауыс беруге қатысып үлгерген.

Сайлауға түсіп жатқан мемлекет басшылығына үміткерлер қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхамедовты қосқанда барлығы сегіз адам. Жеңіске жету үшін кандидат сайлаушылар дауысының 50 пайыздан астамына ие болуы тиіс.
Тізімделген жалпы сайлаушылар саны 3 миллион болады. 2 мыңнан астам сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр.

Сайлау барысын ТМД-ң 63 адамдық бақылаушылар тобы қадағалау үстінде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG