Accessibility links

Уитни Хьюстонның неден қайтыс болғаны белгісіз


Поп әнші Уитни Хьюстон. 2008 жыл.
Поп әнші Уитни Хьюстон. 2008 жыл.
АҚШ-та белгілі поп әнші Уитни Хьюстонның қайтыс болғаны турасында оның өкілі Кристен Форстер хабарлаған. 48 жасында өмірден өткен әнші өлімінің себептері айтылмаған.

Поп әнші Уитни Хьюстон өткен ғасырдың 80 - 90-шы жылдары өте танымал болды. 1992 жылы «Оққағар» фильмі экранға шыққаннан кейін картинадағы басты рольдің бірін ойнап, барлық әндерді орындаған әншінің даңқы кең тарады.

2000-шы жылдары Уитни Хьюстонның аты отбасылық проблемалары мен оның наркологиялық клиникаларға оқтын-оқтын түсіп қалуына қатысты көбірек аталған еді.
XS
SM
MD
LG