Accessibility links

Түркіменстанда толыққанды сайлау өтті деп хабарланды


Сайлау учаскесіне дауыс беруге келген түркімен қызы. Ашғабат, 12 ақпан, 2012 жыл.
Сайлау учаскесіне дауыс беруге келген түркімен қызы. Ашғабат, 12 ақпан, 2012 жыл.

Мемлекеттік ақпарат қызметінің хабарлауынша, Орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша, сайлаушылардың 80 пайызы дауыс беруге қатысқан. Жалпы сайлаушылар тізіміне 3 миллион адам енгізілген.

Сайлаушының 50 пайыздан астамының қолдауына ие болған кандидат жеңіске жетеді.

Түркіменстандағы президент сайлауына 2 мыңдай ұлттық бақылаушы мен ТМД елдерінің бақылаушылар миссиясы мониторинг жүргізді.

Ел конституциясына сәйкес, Түркіменстан президенті 5 жыл мерзімге сайланады.
XS
SM
MD
LG