Accessibility links

Араб лигасы Сирия жағдайын талқылайды


Сирияның Алеппо қаласындағы жарылыстан кейінгі көрініс. 10 ақпан, 2012 жыл.
Сирияның Алеппо қаласындағы жарылыстан кейінгі көрініс. 10 ақпан, 2012 жыл.
Бүгін Араб лигасы елдерінің сыртқы істер министрлері Каирде кездесіп, зорлық-зомбылықтар мен қақтығыстар жалғасып жатқан Сирияның ахуалына қатысты талқылаулар өткізеді.

Сенбі күні Ирактың ішкі істер министрі Аднан әл-Асади Сирияға өз елінен «ислам экстремистері» Башар әл-Асадтың режиміне қарсы күресу үшін бара жатыр деп мәлімдеді.

4 ақпанда Қытай мен Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Араб лигасы елдерінің ұсынысы негізінде әзірленген қарары жобасына вето қойған еді.

Дүйсенбі күні Сирияда қазіргі қалыптасып отырған жағдай БҰҰ-ның Бас ассамблеясында талқыланады.
XS
SM
MD
LG