Accessibility links

Қосанов пен Тоғысов қамаудан босады


Алматыда өткен оппозиция жиынының жалпы көрінісі. 28 қаңтар, 2012 жыл.
Алматыда өткен оппозиция жиынының жалпы көрінісі. 28 қаңтар, 2012 жыл.
ЖСДП «Азат» партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов пен осы партияның Алматы қалалық бөлімшесінің жетекшісі Әмірбек Тоғысовтың әкімшілік қамаудан босағаны туралы жексенбі күні кешке қарай Азаттық радиосына мәлім болды.

ЖСДП жетекшілерінің тағы бірі Болат Әбілевтің бостандыққа шығуына әлі үш тәулік бар.

Естеріңізге салсақ, 28 қаңтарда кешкісін Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған соты Әміржан Қосанов пен Әмірбек Тоғысовқа сол күні таңертеңгісін «рұқсат етілмеген митинг өткізгендері үшін» 15 тәулікке қамау жөнінде шешім шығарған болатын. Ал Болат Әбілевтің дәл осындай әкімшілік жазасына «сотты құрметтемегені үшін» тағы үш тәулік қосып берген.

ЖСДП тең төрағаларының тағы бірі Жармахан Тұяқбайға да сот осы тектес айып тағып, 20 орта айлық есептік көрсеткіш (30 мың теңгеге жуық) көлемінде айыппұл салған еді.
XS
SM
MD
LG