Accessibility links

Грекия 130 миллиард еуроны алатын болды


Грекияның қаржы министрі Евангелос Венизелос.

Грекияның қаржы министрі Евангелос Венизелос.

Грекия парламенті елді дефолттан құтқаратын халықаралық көмек қаржыны алу үшін қатаң экономикалық шараларды қабылдады.

Ол шаралар бойынша, мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын бес саланың бірі қысқарып, ең төменгі жалақы мөлшері бес пайызға азаймақ. Есесіне, Грекия Еуропаның орталық банкі, Халықаралық валюта қоры және Еуроодақтан кредиторларға төлейтін 130 миллиард еуро мөлшерінде қаржы алады.

Бұған дейін парламент бұл шараларды қабылдауға келіспеген еді. Қаржы министрі Евангелос Венизелос "елді қаржы дағдарысынан қалайда сақтап қалу керегін" айтып, парламентті бұған көндірді.

Ал Афиныда бұған наразылық танытушылар бірнеше ғимаратқа от қойды. Наразылардың полициямен қақтығысында 80 адам жараланған. Ондаған адам тұтқындалды.
XS
SM
MD
LG