Accessibility links

Иран ХАМАС-ты Израильмен ымыраға келмеуге шақырды


Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хоменей.

Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хоменей.

Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи ХАМАС исламшыл тобын Израильге қарсы күресте ешқандай "ымыраға" келмеуге шақырды. Әли Хаменеи ХАМАС-қа "ұйым ішіне ымырашылдардың кіріп кетіп, іштен әлсіретуінен сақтану қажеттігін" ескертті.

Хаменеи бұл сөзін ХАМАС ұйымының Газа аймағындағы үкімет басшысы Исмаил Ханияның Иранға жасаған сапарында айтты.

ХАМАС жетекшісі Халед Машааль осы айдың басында Палестина президенті Махмуд Аббаспен келісім жасасты. Келісім бойынша, Махмуд Аббас биылғы жылдың аяғына қарай өтетін сайлауларды ұйымдастыратын уақытша үкіметтің басшысы болады.

Израиль "ХАМАС террористік ұйым және Иран оған демеушілік жасап, қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыр" деп санайды.
XS
SM
MD
LG