Accessibility links

Түркіменстанда сайлаушылардың 96,28% дауыс берді


Ашғабадтағы сайлау учаскесінде дауыс беріп жатқан сайлаушы. Түркіменстан, 12 ақпан 2012 жыл.
Ашғабадтағы сайлау учаскесінде дауыс беріп жатқан сайлаушы. Түркіменстан, 12 ақпан 2012 жыл.
Түркіменстанда өткен сайлауға сайлаушылардың 96,28 пайызы қатысты деп хабарлады осы елдің орталық сайлау комиссиясы.

France Press агенттігінің хабарлауынша, сайлау мерекелік көңіл-күйде өткен. Өнерпаздар концерттер қойып, сайлаушыларға тамақ, тіпті сыйлық таратылған.

Сайлауға есімдері беймәлім жеті үміткермен қатар түскен қазіргі президент Гурбангулы Бредімұхамедовтың жеңіске жету мүмкіндігі жоғары.

Ашғабаттағы сайлау учаскелерінің біріне дауыс беруге ол әкесі, ұлы және немересімен бірге келген.
XS
SM
MD
LG