Accessibility links

Обама 2013 жылғы ел бюджетін жариялайды


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама бүгін елдің 2013 жылға арналған бюджетін жариялайды.

Биылғы бюджетте федералдық бюджет тапшылығын азайту үшін байлар мен корпорациялардан алынатын салықты өсіру туралы ұсыныстар бар. Есесіне инфраструктураға жұмсалатын қаржы көбеймек. Болжам бойынша, биылғы тапшылық 1,3 триллион АҚШ долларын құрайды.

Президент әкімшілігінің жетекшісі Джейкоб Лью биылғы бюджет ел алдына алдағы 10 жылда 4 триллион АҚШ долларына тең бюджет тапшылығын қысқарту міндетін қояды дейді.

Республикалық партия өкілдері кеше бюджет жобасына жасалған өзгерістерді сынаған еді.
XS
SM
MD
LG