Accessibility links

Ливия Нигерден Каддафидің ұлын қайтаруды сұрады


Муаммар Каддафидің ұлы Саади Каддафи.

Муаммар Каддафидің ұлы Саади Каддафи.

Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің өкілі Мұхаммед әл-Харизи Нигерден Муаммар Каддафидің ұлдарының бірі Саади Каддафиді және оның жақтастарын дереу Ливия билігіне қайтаруды талап етті.

Нигер әділет министрі Муру Амоду Ливия ұлттық кеңесінің талабын орындай алмайтынын, Саади Каддафиді Нигердің қайтармайтынын айтты. "Министр Каддафидің ұлы Ливияға қайтарылса, онда бірден өлтірілуі мүмкін" дейді ол.

Нигер билігі Саадидің жүріп-тұруына қатаң шектеулер қоюға келісім бергенін және Ливия сыртқы істер министрі Ашур Бен Хаял бұл мәселені талқылау үшін Нигерлік әріптесімен кездесетінін айтты.
XS
SM
MD
LG