Accessibility links

Түркіменстанда Бердімұхамедов қайта сайланды


Ашғабадтағы сайлау учаскесінде дауыс беріп тұрған сайлаушы. Түркіменстан, 12 ақпан 2012 жыл.

Ашғабадтағы сайлау учаскесінде дауыс беріп тұрған сайлаушы. Түркіменстан, 12 ақпан 2012 жыл.

Түркіменстандағы президент сайлауының алдын-ала нәтижелерін жариялаған орталық сайлау комиссиясы президент Гурбангулы Бердімұхамедов сайлаушылардың 97,17 пайыз дауысын жинап, қайта сайланғанын хабарлады.

Сарапшылар сайлауға жеті үміткермен қатар түскен Бердімұхамедовтің жеңіске жететінін күні бұрын болжаған.

ТМД елдерінен барған бақылаушылар сайлауда ешқандай заң бұзу болған жоқ деп мәлімдеді. Батыс елдерінің бақылаушылары сайлауға шақырылмады.

Гурбангулы Бердімұхамедов Түркіменстанды 2006 жылдан бері басқарып келеді.
XS
SM
MD
LG