Accessibility links

Афиныда тәртіпсіздіктен 100 адам жараланды


Шерушілердің полицияға шабуылы. Афины, 10 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Шерушілердің полицияға шабуылы. Афины, 10 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Афиныда кешегі тәртіпсіздік зардаптарын жою шаралары басталды

Ақпанның 12-сі күні қатаң экономикалық шаралардың қабылдануына наразылық танытқан топ бірнеше тарихи ғимарат пен ондаған дүкенді өртеген еді. Қала мэрі Гиоргос Каминис бұдан қалаға үлкен зиян келгенін айтады.

Полиция мен шерушілердің қақтығысынан 100-ден астам адам жараланған. Олардың көпшілігі - полицейлер.

Сенбі күні парламент халықаралық ұйымдар бөлген 130 миллиард еуро қаржыны алу үшін қатаң экономикалық шараларды қабылдады. Ол бойынша, мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын бес саланың бірі қысқарып, ең төменгі жалақы мөлшерінің бестен бірі азаймақ.
XS
SM
MD
LG