Accessibility links

Үндістанда Израиль елшілігіне қастандық жасалды


Нью-Делиде жарылған Израиль елшілігінің автокөлігі. Үндістан, 13 ақпан 2012 жыл.
Нью-Делиде жарылған Израиль елшілігінің автокөлігі. Үндістан, 13 ақпан 2012 жыл.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху "Үндістан мен Грузиядағы елшіліктеріне жасалған қастандықтардың тасасында Иран тұр" деп айыптады.

Кеше Израильдің сыртқы істер министрлігі Үндістанның Нью-Дели қаласындағы Израиль елшілігіне тиісті автокөлікте жарылыс болғанын хабарлады. Үндістан үкіметінің хабарлауынша, жарылыстан жүргізуші мен дипломаттың әйелі жараланған.

Бұған қоса, Грузияның ішкі істер министрлігі де Тбилисидегі Израиль елшілігі қызметкерінің автокөлігінің астына жасырылған жарылғыш құрылғы тапқанын хабарлады.

Нетаньяху бұл оқиғалар өткен айда Таиланд пен Әзірбайжандағы елшілік қызметкерлеріне жасалған қастандықпен ұқсас екендігін айтады. Израиль ол қастандықтарды да Иран мен "Хезболла" ұйымы ұйымдастырды деп айыптаған.
XS
SM
MD
LG