Accessibility links

Ұлыбритания "әл-Қаидаға" қатысы бар адамды босатты


Ұлыбритания "әл-Қаидамен" байланысы бар деп айыптаған Әбу Қатада.

Ұлыбритания "әл-Қаидамен" байланысы бар деп айыптаған Әбу Қатада.

Ұлыбританияда "әл-Қаидамен" байланысы бар деп айыпталған радикалды мұсылман діндары Әбу Қатада кепілдікпен бостандыққа шықты.

Ұлыбританияның ақпарат құралдары оның түрмеден босатылып, үйқамаққа алынғанын жазады. Иорданияда туылған Әбу Қатада алты жылдан астам уақыт түрмеде отырған. Бірақ өткен аптада сот оны кепілге босату туралы шешім шығарды. Қатаданы Испания және Ұлыбритания соттары қайтыс болған Усама бен Ладенмен байланысы бар "әл-Қаиданың" Еуропадағы жетекшілерінің бірі деп санаған.

Ұлыбритания Әбу Қатаданы Иорданияға депортацияламақ болған. Бірақ Адам құқықтары жөніндегі Еуропа соты Иорданияда азаптауы мүмкін деп оны депортациялауға рұқсат берген жоқ.
XS
SM
MD
LG