Accessibility links

"Жаңаөзен-2011" халықаралық комитеті құрылды


Қазақстан коммунистік партиясының басшысы Ғазиз Алдамжаров.

Қазақстан коммунистік партиясының басшысы Ғазиз Алдамжаров.

Бүгін Алматыда бір топ қоғам қайраткері мен саясаткерлердің бастамасымен "Жаңаөзен-2011" деп аталатын халықаралық комитет құрылды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Комитет құрылғаны жайында баспасөз жиынын өткізген саясаткер, Коммунистік партия жетекшісі Ғазиз Алдамжаров және "Журналистер қатерде" қорының президенті Рамазан Есіргепов комитет Жаңаөзендегі оқиғалардан кейінгі биліктің қудалауына ұшыраған оппозиция мен қарапайым азаматтарды қорғау үшін қүрылғанын айтады.

Комитетке заңгер Өтеген Ықсанов пен тіркелмеген "Алға" партиясының мүшесі Михаил Сизов та қосылған. Ғазиз Алдамжаровтың айтуынша, комитетке Ресей, Украина, Польша және Қырғызстанның адам құқықтарын қорғау ұйымдары да қосылуға ниет білдірген.

Қаңтардың аяғында Алматыда Жаңаөзен оқиғасында зардап шеккендерді қорғау үшін қоғамдық комиссия құрылған болатын. Оған "Аман саулық" қоғамдық қорының жетекшісі Бақыт Түменова, Рамазан Есіргепов, Серікболсын Әбділдин, бұрынғы сенат депутаты Зәуреш Батталова және басқалар кірген. Бірақ халықаралық деңгейде жұмыс істеген жоқ.
XS
SM
MD
LG