Accessibility links

Мәсімов: Қаңтарда экономикалық өсім төмендеді


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін қаңтар айында Қазақстандағы экономикалық өсімнің 4.8 пайызға төмендегенін айтты деп хабарлады "Тенгриньюс" агенттігі.

Мемлекеттің жеделдетілген индустриалдық инновациялық даму бағдарламасының орындалуын талқылау барысында Мәсімов өнеркәсіп өнімі өсімінің де төмендегенін айтқан.

Ол президент Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикалық өсімді 7 пайызға жеткізу тапсырмасы бар екенін айтып, экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаевқа әлемдік тенденциялар мен индустриаландыру бағдарламасына талдау жасауға тапсырма берген.
XS
SM
MD
LG