Accessibility links

Алматыда Винявскийді қолдаған акция өтті


Қамаудағы "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявский.

Қамаудағы "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявский.

Бүгін Алматыдағы "Заңғар" сауда үйінің алдында екі айға қамалған оппозициялық "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Виниявскийді қолдау акциясы болды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Акцияға Винявскийді қорғау үшін құрылған комитет өкілі Людмила Экзархова мен "Взгляд" газетінің журналистері қатысты. Олар қолдарына Винявскийдің бейнелері портреті мен оның "Өзімді саяси тұтқынмын деп есептеймін" деген сөзі жазылған плакат ұстап шықты. Қатысушылар Винявскийдің қудалануына наразылық білдіріп, аспанға шар ұшырды.

Алматы қаласы Алмалы аудандық соты қаңтардың 26-сында Игорь Винявскийді екі айға қамау туралы санкция шығарған болатын.
XS
SM
MD
LG