Accessibility links

"Газпром-Медиа" "Эхо Москвы" басшылығын таратты


Ресей премьері Владимир Путин (оң жақта) мен "Эхо Москвы" радиосының бас редакторы Алексей Венедиктов Мәскеудегі марапаттау салтанатында. Мәскеу, 13 қаңтар 2012 жыл.

Ресей премьері Владимир Путин (оң жақта) мен "Эхо Москвы" радиосының бас редакторы Алексей Венедиктов Мәскеудегі марапаттау салтанатында. Мәскеу, 13 қаңтар 2012 жыл.

"Эхо Москвы" радио станциясының директорлар кеңесі оның акция пакетінің басым бөлігіне иелік ететін Ресейдегі ең ірі медиа-холдинг "Газпром-Медиа" компаниясының талабы бойынша таратылды.

"Эхо Москвы" радиосы бұған өкініш білдірген мәлімдеме жасап, директорлар кеңесінің жаңа құрамы наурыз айында сайланатынын хабарлады. Радионың бас редакторы Алексей Венедиктов бұл өзгеріс арқылы өзін қызметтен кетіру оңайлайтынын, бірақ оның өзінің редакторлық саясатына және радионың ұстанымына еш әсер етпейтінін айтады.

"Газпром-Медиа" мемлекеттік энергетикалық алпауыт "Газпром" компаниясының ақпараттық тетігі деп саналады.

Бұдан бір ай бұрын Ресей премьер-министрі Владимир Путин "Эхо Москвы" радиосы мен Алексей Венедиктовті "мені күндіз-түні сынайды және шетел мүддесін қорғайды" деп, көпшілік алдында айыптаған.
XS
SM
MD
LG