Accessibility links

Еуродақ басшылары Қытайда жүр

Қытай премьері Вэнь Цзябао (ортада) Еуроодақ кеңесінің төрағасы Херман Ван Ромпей (сол жақта) және Еуропалық комиссия президенті Жозе Мануэль Баррозумен (оң жақта) кездесуде. Бейжің, 14 ақпан 2012 жыл.

Бүгін Еуропа Одағы кеңесінің төрағасы Херман Ван Ромпей мен Еуропалық комиссияның президенті Жозе Мануэль Баррозу Қытайға ресми сапармен келді.

Бейжіңде Қытай премьері Вэнь Цзябаомен кездесіп жатқан Херман Ван Ромпей Еуропа мен Қытайдың экономикалық тұрғыдан тағдырлары ортақ екенін айтты.

Ал Вэнь Цзябао қос тарап қиындықтар мен дағдарыстар кезінде "бір бірін түсініп, ортақ мақсатта бірге қимылдау керегін" айтты.

Бүгін халықаралық Moody's рейтинг агенттігі Италия, Испания, Португалия, Мальта Словения және Словакияның несие рейтингілерін төмендетті. Агенттік Ұлыбритания, Франция және Австрияның рейтингісі де төмендеуі мүмкін деп ескерту жасады.

Ал дүние жүзіндегі шетел резервтерінің ең көп бөлігіне ие болып отырған Қытай қаржы дағдарысына ұшыраған Еуродақ елдеріне инвестиция салу, салмау мәселесін әлі нақты шешкен жоқ.
XS
SM
MD
LG