Accessibility links

Тимошенконы шетелдік дәрігерлер емдейді


Юлия Тимошенко Киев түрмесінде. Киев, 4 қараша, 2011 жыл.
Юлия Тимошенко Киев түрмесінде. Киев, 4 қараша, 2011 жыл.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконы емдеуге келген халықаралық деңгейдегі тәуелсіз дәрігерлер жұмыстарын бастап кетті.

Кеше Канаданың үш, Германияның екі дәрігерінен құралған халықаралық топ Тимошенко жазасын өтеп жатқан Харьков қаласындағы түрмеге келген.

Украинаның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Раиса Моисеенко Тимошенконы емдеу, қарау процесінің ұзаққа созылуы мүмкін екенін айтады.

Өткен жылдың қазан айында қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен жеті жылға сотталған Юлия Тимошенко түрмеде денсаулығы нашарлағанын айтып шағымданған. Жақтастары мен халықаралық қауымдастық оған қарсы қылмыстық істі Украина оппозициясындағы белді тұлғаның "үнін өшіру үшін" ұйымдастырылған деп санайды.

Халықаралық деңгейдегі тәуелсіз дәрігерлер тобы Тимошенконың отбасының сұрауы бойынша шақыртылып отыр.
XS
SM
MD
LG