Accessibility links

Египет БҰҰ-ға Сирияға қатысты қарар ұсынды


БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер өкілдері Каирде өткен Сирияға қатысты жиында. Египет, Каир, 13 ақпан 2012 жыл.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер өкілдері Каирде өткен Сирияға қатысты жиында. Египет, Каир, 13 ақпан 2012 жыл.

Египет БҰҰ Бас ассамблеясына Сирияға қатысты жаңа қарар ұсынды.

Қарар Башар әл-Асад режимін адам құқықтарын бұзып отырғаны үшін айыптап, Араб лигасының Асадты орнынан кетіру жоспарын қолдайды.

Құжаттың мазмұны қауіпсіздік кеңесінің 4 ақпанда Ресей мен Қытай вето қойған қарарына ұқсайды. Бірақ Бас аасамблея ұсынған қарарға ешкім вето қоя алмайды, бірақ оның орындалуы да міндетті емес.

Сириядағы адам құқықтарына қатысты кеше баяндама жасаған БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нэви Пиллей "ұйымның қауіпсіздік кеңесі Башар әл-Асад үкіметінің зорлық-зомбылығын тоқтатуға қабілетсіз" деген еді.

Қарар 16 ақпанда қабылдануы тиіс. Егер мақұлданса, ол Бас ассамблеяның Сирияға қатысты соңғы екі айда қабылдаған екінші қарары болмақ.
XS
SM
MD
LG