Accessibility links

Қырғызстан Қазақстанның көмірін қайтара бастады


Қырғызстан Қазақстаннан сатып алған улы көмірдің 1 мың тоннасын бүгін кері қайтарды деп хабарлады Азаттық радиосының Қырғыз қызметі.

Қырғызстан төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз хатшысы Әбдішәріп Бекіловтың айтуынша, тағы 336 тонна көмір Қазақстанға жөнелтілуге даяр тұр.

Ал "Қырғызстан жылу станциясы" кәсіпорнының өкілі Азим Азимовтың Азаттық радиосына берген сұхбатында Қазақстаннан сатып алынған радиоактивті көмірдің барлығы 28 ақпанға дейін қайтарылатынын айтады.

Өткен жылдың қыркүйегінде Қырғызстан Қазақстанның "Құлан ТБ" компаниясынан 9 мың тоннаға жуық радиоактивті көмір сатып алғаны белгілі болған. Ал өткен аптада қырғыз үкіметі ол көмірді Шу облысы мектептеріне таратуға қатысы бар жеті шенеунікті тұтқындады.

Қазақстан үкіметі көмірді кері қайтарып алуға, тасымал және басқа да шығындарын өтеп беруге келісті.
XS
SM
MD
LG