Accessibility links

Қырғызстанда алтын кәсіпорны жұмысын тоқтатты


Қырғызстанның "Құмтөр" алтын кеніші. Көрнекі сурет.
Қырғызстанның "Құмтөр" алтын кеніші. Көрнекі сурет.
Қырғызстандағы "Құмтөр" алтын кенішін игеріп жатқан Канаданың "Центерра Голд" компаниясы тоғызыншы күнге ұласқан жұмысшылардың ереуілінен соң кеніште жұмыс толықтай тоқтағанын хабарлады.

Кеншілер компаниядан жалақы есебінен 1993 жылдан 2010 жылға дейін мемлекеттің әлеуметтік көмек қорына ұсталып келген шығынды өтеуді талап етеді.

Компания басшылығы мемлекеттік әлеуметтік көмек қорына жұмысшылар жалақысы есебінен ақша Қырғызстан заңнамаларына сай аударылып келгенін және ол келісімнің 2012 жылдың соңына дейін жарамды екенін айтады. Осы келісімге сүйенген компания жұмысшылар ереуілін заңсыз деп санайды.

Қырғызстан бюждетіне түсетін кірістің 12 пайызын осы кеніш толтырады.
XS
SM
MD
LG